15.06.2022
  103


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ЕЛІМНІҢ АЯРЫ ЖОҚ, МАЙДАН, СЕНЕН

Бұйрығын қолбасшының естігенде,
Таралған Москвадан барлық жерге.
Қосылып дауысына зеңбіректің,
Гармоньды қолға аламын безеп мен де.
Маршалдар Жуков, Конев тізе қосып,
Арттан қуғын, алдынан жолын тосып.
Дұшпанға тыныс бермей, ес жиғызбай,
Барады қанға бояп қызыл жосық.
Тағы да радио берді хабар,
Естісем әр сөзіне мейірім қанар.
Өзеннен Прут деген орғып өтіп,
Бұзды деп қызыл ерлер жаңа қамал!
Елімнің аяры жоқ, майдан, сенен –
Жабдықтайды керектің бәріменен.
Дүбірге еңбектегі үн қосамын,
Көрсетіп мен де құрмет өлеңменен.





Пікір жазу