15.06.2022
123
МЕН – ЖІГІТ
Келсем де сексеннің сегізіне,
Бақыттың жүрмін жүзіп теңізінде.
Жігіттей жиырма бесте құлпырамын,
Советтік алтын заңның негізінде.
Елуден аса бере қонды бақыт,
Көрмеген ата-бабам өмірінде.
Ешқандай кір-қаяу жоқ бүгін менің
Иненің жасуындай көңілімде.
Сондықтан мен білмеймін, кәрілік не?
Жығылу, сүріну не, жеңілу не?
Мен жігіт, көңілім шат, өмірім бақ,
Сөзім бал, тілім майда, жырым бұлақ,
Осының барлығы үшін Октябрьге
Мың алғыс күнде айтудан тынбайды жақ!