15.06.2022
  127


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

БАҚЫТТЫ ЗАМАН

Жыр бұлағын селдетіп,
Көсегемді көгертіп,
Жайраңдатқан заманым,
Бақытты өмір сүргізіп,
Болат құсқа мінгізіп,
Сайраңдатқан заманым.
Өнер-білім ордасы
Өмірдің алуан олжасы,
Артып жатқан заманым,
Тынбай өсіп ер жеткен
Қарқын қызу еңбекпен
Думандатқан заманым.
Коммунизмге өрлеген,
Еңбек еткен ерлерім
Құтты болсын қадамың!
Елімді алға бастаған,
Ленин туын ұстаған,
Партиямдай данышпан
Даңқы артсын дананың.





Пікір жазу