15.06.2022
104
МӘЛІКПЕН КЕЗДЕСКЕНДЕ
Амансың ба, қарағым, балам Мәлік,
Дұшпанның ордасына ойран салып,
Ақтағын ана сүтін адал ұлым,
Бері келші, бір сүйейін алдыма алып.
Қош келдің, қарсы аламын, Мәлік балам,
Едіге, Қобыланды сенің бабаң.
Амангелді батырдай топты жарған,
Риза туған елің бүгін саған.
Тіледім тілеуіңді үйде жатып,
Қолыма гармонь алып, ән шырқатып,
Мың рахмет сүйікті партияма,
Бөленген мақтанышқа шарықтатып.