15.06.2022
179
Обалды күндер отқа өріп...
Обалды күндер отқа өріп,
Жоғалған сенім
Пырағы.
Кісінесуді артқа бөктеріп,
Кім бүгін жалғызсырады?
Телміруменен, тесіліп,
Талықсып түсті мың кірпік.
Арай да келді
Кешігіп,
Ақ бұлттар шықты шыңға
Үркіп.
Жанарың қалың іңірге,
Қарасын мүлде сіңірді.
Қайраулы тұрған
Күбірлеп,
Қанжарды тасқа кім
Ұрды?
Апамның сипап әжімін,
Түндіктен түсті
Ақсақ ай.
Көк тәңірі көркем
–Мәжнүн,
Көксерке жүдеу ақ самай.