15.06.2022
  211


Автор: Сұраған Рахметұлы

ТҮС. БЕЙМАЗА

Көмейіме кептелген соңғы сырды
Ақтара алмай жатқанда
Сорды ішімді...
«Қанат бер» деп халқыма
Қарап едім...
«Тағат тап» деп тарамыс торды ұсынды.
Үскіріктен қыстағы аман қалған,
Жылы лебіз іздедім тәмам
Жаннан.
Тіс туралы тіміскі сыр естідім
«Күшігінен күйініп
Таланғаннан».
Түн қаймағы қара үрей:
Ілкі сіңбей,
Бұйра ойлар түксиді (бұлт ішіндей!)
Қазір ғана оянам,
Сәл, сәл шыда,
Таң атады сәбидің күлкісіндей.





Пікір жазу