15.06.2022
219
БӘДІЗ
Байрақ ел, қамаулы ой
Қайрақ Түрік.
Қайтқан бақ... қан езеді май қаптырып,
Жүзінде ұстараның
Мұң ұлиды,
Сирағын қақпандағы шайнап тұрып.
Жұлдыздың қиқымынан қима зерлеп,
Тарының қауызына сыйған өрнек.
Жебенің қырындағы тірі алау,
Сандалған сары табытын миға жерлеп.
Аңыртас, даладағы лағыл арлар,
Кеш қайтты ниеттердің
Табынан зәр.
Үзіліп үзеңгіден қалған рух;
Көтінде көкпек ала дағы барлар.