15.06.2022
142

ҚЫЗЫЛ АҚҚУЛАР ОЗАНЫ
Боз шудасы желкілдеп бұлт өтеді,
Күз моншағы төгілген күлте тегі.
Шылауышты әжейдің
мейіріміндей,
Күннің көзі әредік жылт етеді.
Шың самайын жасырып бұлт етегі,
Шоғын шашып қалады
білте тегі.
Қара шалдың ашылған қабағындай,
Қарасудың езуі жылт етеді.
Нұр тамғанда бұлттардан сетінеген,
Жылап келіп қайтады жетім өлең.
Мыс қанатты аққулар сырғанайды,
Мырза аспанның көк теңбіл бетіменен.