15.06.2022
  107


Автор: Сұраған Рахметұлы

ЭЛЕГИЯ

Түннен қашқан денені ақ көлеңке
жұтты үстін,
Азандағы сиырдың мүйізі от, сүті ыстық.
Боз торғайдың үнімен боза ысқырды
боз үйде,
Айлағы бай аумақтан қаймағы май құт ішкін.
Кешегі айтқан ақ әуен бүгін түскен
Ай келін.
Тезек жаққан боз үйдің безілдейді шәйнегі.
Көк құрақтың үстінде
Көсіліп бір Күн жатыр.
Мейіріміндей әжемнің қандай жұмсақ,
жайлы еді?!
Алаулаған түн маңғаз, аздап жұтып алғандай,
Маздаған от киелі мазасыздау жалғандай.
Сарқан дала сан бояу.
Сабалақ ит іргеде.
Арқандаған жерімде атым тас боп қалғандай.
Жылжып өтіп кетеді-ау осылайша күн-ғұмыр
Іңір тағы жетеді-ау: реңі ауыр, ілкі-нұр.
Қиялымды сүйреп ем дала жаққа, сән жаққа,
Көл жиегін жағалап шұлғысып тұр жылқы-жыр.





Пікір жазу