15.06.2022
125
Құсқым келеді қудай дауысын естіп
Құсқым келеді қудай дауысын естіп
Сырнайдың,
Өзімнен алыс, өзіме жақын тұр қайғым.
Тәніме неге
Сенбейсің мүлде деймін де:
Тәлкектің күлі – тәңірдің көзін тырнаймын.
Өш алам солай тырнақтың сөгіп көбесін,
Негізгі меже:
Пайыммен жаулау пайымның биік дөңесін.
Жылжымай өрге-ылдиға қарап бірақ та
Билік айтады:
Қызыл жол. Қызыл өңешім.
Көңілге арқау көң тыңға өсер көп өсім,
Көзіңді шын аш бүгінгі әлсіз көбе үшін.
Сенің рухың
Мекен етеді мәңгі зау ұшқан,
Қардай ызғарлы қайырымсыз құстың төбесін.