15.06.2022
103
Қай заманғы тәңірдің нұрын төккен түріндей
Қай заманғы тәңірдің нұрын төккен түріндей
Түсімдегі аңыздар:
Күшпен туған тірі үндей.
Құйрығында күліктің желбіреген пайым-ау,
Сүле-сүле енге ауып сүт киеге сүрінбе.
Шың басынан шырпымен шықпыртқанда
Кешкі жай,
Елес дәмі тамады есесі көк еске ұдай...
Денесі жоқ үн көрем:
Сенесіз бе, қымбаттым,
Табыспасам сол үнмен аластамай кеш, құдай.
Ен даланың күбірін талмап тұрып құшып ем,
Сипап өтті бір сауал кірпігінің ұшымен,
Беу, самалым,
Сен мені тағы алдауға келдің бе,
Табандаған баяғы тамырыңның күшімен?
Жаным солай, қара ымырт
Саңлаусыз түкпір-ді,
Қай заманғы тәңірдің жарқылы ол деп
Ұқтырдың.
Үштің айы амалсыз кеудесіне жапсырған
Гүлдің соңғы аялы төбе шашы тік тұрды.