15.06.2022
151
Көңілсіз күз аялы жапырағын сілкілеп...
Көңілсіз күз аялы жапырағын сілкілеп,
Ши түбінен еседі бұлаң құйрық
түлкі-ілеп.
Қылаң тұман тау басын қырқай шауып
барады.
Судың бетін ұшықтап сумақы бұлт –
сұр түнек.
Тіршіліктің қимылын тіп-тік өскен
шиден біл,
Дейді соңғы мерзімдей қасиеті күйген
Діл.
Қайта соғар уақыттың қарасында қалғиды
Ең ақырғы ғұмырын бір қауызға түйген гүл.
Қараға айтар дәтім жоқ, қайыспаса бозға
Сын.
Қайдан тамған атау нәр қайғымды аздап
қозғасын.
Құс пен айдын секілді қақ бөлінді бір сәтке,
Ұстараның жүзіне қаңғып түскен көз жасым.