15.06.2022
128
КӨГІЛДІР-ШАБЫТ
Зеңгірде қалқып қанаты –
жерге ағып түсті денесі.
Күндіздің шамы жанатын –
Жұлдыздың лағыл елесі.
Елесі Өрен күн айдың
Еркелеп жетті
мұңайып.
Аспаным сілікті кірпігін
Қас қағым сәтке
лайық.
Бұла ғып жалқын
күн көзін,
Түн ағып түсті осылай
Шығыстың тіп-тік
Күмбезі,
Күмістен соққан мосыдай.
Түн өліп солай
бесінде
Түнек-ой тарап,
Таң күлді.
Елеусіз қалған есімнен
ескі әннің бәрі
жаңғырды.
Түйірі мойыл жаңбырдың
Иіді жойқын сел –күші.
Сор Құмға батты тағдырдың,
Қор қылған сұрау
белгісі.
Зеңгірде қалқып қанаты,
жерге ағып түсті денесі.
Күндіздің шамы
жанатын –
Жұлдыздың лағыл елесі.