Жыныстық қатынас туралы 15 дерек
Жыныстық қатынас туралы біз білмейтін жасырын сырлар әлі де көп көрінеді. Кейбірі тіпті жаңалық болуы мүмкін.
1. Дәрумен арқылы жыныс мүшесін үлкейтуге болады
Еркектерге арналған. 2009 жылы Пало-Альтодағы (Калифорния) эндокриндік медициналық орталықтың зерттеушілері дәрумендерді қабылдау арқылы зерттеуге қатысқан еркектердің жыныс мүшесі 1,16 см-ге «өскенін» дәлелдеген. Ал жуандығы 1,3 см-ге үлкейген.
2. Секс еркектер үшін аса маңызды
Көптеген сауалнамалар әйелдердің жыныстық қатынас туралы көбірек ойлайтынын дәлелдеген. Олар төсек қатынасы туралы орта есеппен аптасына үш рет ойласа, еркектер күндей ойлайды. Олар үшін жыныстық қатынас бәрінен маңызды.
3. Шауһат – күшті антидепрессант
Нью-Йорк қаласындағы зерттеу нәтижесі еркек шауһатының күйзеліспен күресетінін дәлелдепті. Оның құрамындағы химиялық зат көңіл күйді көтеріп, ұйқының сапасын жақсартады екен.
4. Оргазм – әйелдер үшін жетістік
Көптеген зерттеу нәтижелері оргазмның әйелдер үшін жетістік екенін көрсеткен. Себебі, әйелдердің 70%-і өмірінде оргазмды мүлде сезінбейді екен. Ал еркектердің 30%-і өздерінің тұрақты серігімен (әйелімен) оны сезіне алмайтын көрінеді.
5. Овуляция кезінде әйелдер көп табыс табады
Бұл стриптиз билейтін қыздарға қатысты. Ағзасындағы овуляция кезіндегі олар ерекше тартымды болып көрінеді екен де, соның арқасында клубқа келген еркектерден көбірек «шайлық» алатын көрінеді.
6. Жыныстық қатынас есте сақтауды күшейтеді
Бұл тек әйелдерге қатысты. Соңғы зерттеулер жыныстық қатынаспен тұрақты айналысып тұратын әйелдердің есте сақтау қабілеті артатынын көрсеткен. Оның себебі, жыныстық қатынастан соң мидың гиппокаип бөлігіне қан ағымының көбірек баруынан.
7. Әйелдердегі оргазмның уақыты аз ғана
Әйелдер сезінетін оргазмның ұзақтығы орта есеппен 20 секунд қана. Бірақ бұл көрсеткіш еркектерге қарағанда 14 секундқа ұзағырақ.
8. Әңгіме «үлкендігінде» емес
Әйелдердің басым көпшілігі жыныс мүшесі үлкен еркекпен оргазмды сезіне бермейді екен. Себебі үлкен мүше ыңғайсыз әрі ауыру сезімін тудырады. Мұндайда ләззат алудың мүмкіндігі азаяды.
9. Оргазмнан да аллергия болуы мүмкін
Оргазмды сезіне алған әйелдердің кейбірінде аллергия пайда болады. Ол түшкіру, мұрыннан су ағу, көздің жасаурауы немесе шауһат тиген жерлердің қышынуы және қызаруы секілді болуы мүмкін.
10. Сперматозоидтар аса жылдам
Шауһат сырттай қарағанда қозғалыссыз көрінеді. Бірақ әйел ағзасына түскен соң жылдамдығын минутына 5мм-ге арттыра алады екен. Оның жылдамдығын кәдімгі ақсерке балықтың орташа жүзуімен салыстыруға болады.
11. Мұрын бітеліп қалудың себебі секс болуы мүмкін
Қатты қозу қан ағысын ұлғайтып тек жыныс мүшелеріне ғана емес, басқа қарай да жіберуі мүмкін. Мұндайда кейбір адамдарда мұрынның бітелуі байқалады.
12. Алма қоздырады
Құлпынай мен устрица жыныстық қатынасқа деген құлшынысты арттырады, қоздырады деген бар. Бірақ көпшілік алманың да қоздыратын қасиеті бар екенін біле бермейді.
13. Секс артық салмақтан арылтпайды
Соңғы зерттеулер де осыған кеп тоқтаған. Жарты сағат жыныстық қатынаспен айналысу небәрі 110 ккал-дан ғана арылтады. Оның орнына жүзумен айналысу аса көп нәтиже береді. Арықтау үшін адам бір сағат бойы жыныстық қатынаспен айналысуы қажет. Ал ол адам үшін мүмкін емес.
14. Секс бас ауруынан айықтырады
Бұл еркектер үшін жаңалық десе де болғандай. Әйелдер көбіне бас ауруын желеу етіп жыныстық қатынастан қашады. Тап осы жыныстық қатынас бас ауруынан айықтырады екен. Себебі, қан қысымын ретке келтіреді.
15. Ұлттық ерекшелік те сексуалдылықта рөл ойнайды
Грекия халқы – әлемдегі жыныстық қатынаспен ең жиі айналысатын ұлт. Оларда бір адам жылына орта есеппен 138 рет жыныстық қатынасқа түссе, ең сирек айналысатындар – жапондар. Олар төсек ләззатына жылына 45 рет қана бөленеді.
Дереккөз: ernur kz