15.06.2022
  110


Автор: Сұраған Рахметұлы

Ойын өмір. Теріс көштік... Оң көштік...

Ойын өмір. Теріс көштік... Оң көштік...
Миымызды қырқып түсті соңғы өштік.
Қарашірік қаймағы май сайда емес,
Қайдағы бір қасат-қасат тоңда өстік.
Аязға ықтап, тамыр терең сіңбеген,
Таяз жерден нәр келеді дінге кем.
Көштің жолы көп-көп айшық, жүз өрнек,
Бара жатыр көктем қайтып... Күз өрлеп...
Ор шудасы орқаш-орқаш шыңды орап,
Бұлт шөгеді бұйра жонға тізерлеп.





Пікір жазу