15.06.2022
  136


Автор: Сұраған Рахметұлы

ҚАРАӨТКЕЛ. ҒАРЫШ. ӨЛШЕМ

Жадау ай жамаулы ыдыстай, кейде ашу боранды.
Тордағы қамаулы құстай жанайқай үзік.
Беу! Күллі тораңғы.
Бұлт көкжиегінде булығып өлердей,
арай тамызық.
Жай тағылымдардың бәрі күрделі, жанды
тарайтар ызың.
Өңір өртеніп жанады алаулы мыстай,
Жапырақ табыты мұздақ бетінде шашылып қалған.
Көксерке қадаулы қылыштай
Мәңгілік басы ұлықталған.
Мың жыл бұрынғы жазулы қыштай.
Етегін қағып сұлба жол тұрады басы құт қардан.
Жақын сылдырлар, алыс сарындар сондай мұң ізді.
Таулардан тамады үнсіз мейірім байғыз-сыбызғы.
Тілсіз өлеңге мінсіз бей үнін қарыздар...
(Ғарышта кім бар?)
Діңіңде сауалды ең жақын сыбдыр,
таныс сарындар...
Иә, Құдай-ау! Қара түн салбырап төнеді, мүрдесі
барады қалқып.
Самалдың сақалы көл бетін үрлеп, үйрекпен
сызады баяу.
Біздің үй. Ен жайлау. Дара мұнартып...
Көңілде кірбің сынады, жаяу.
Өмілдіріктен асқан өзеннің өркешін зерлі үзеңгі
қауып,
Қараөткел қол бұлғап ағады... Ұзады... Аяу...
Боз жал толқынның көкжал күшімен түзелдік,
ауып.
Заман таяқ жеп өтеді осылай өткелден, түзем
жылауық.
Сан мың күліктің ізінде ән-мұң ұялап,
Балапан шиқылы;
Жағалау өзімен мазасыз, шағала – өзімен күйкілі.
Көне дыбыстай тілдесіп, үндесіп
Көң менен көк аспан;
Көгеннің басында түнейді көбік бұлт ұйқылы.





Пікір жазу