15.06.2022
  126


Автор: Сұраған Рахметұлы

Теңіздің көк бет толқыны келіп...

Теңіздің көк бет толқыны келіп,
Жуады жалаң аяғым ізін.
Даланың қолтығына еніп,
Ұлиды жүдеу аялы жүзі.
Толқындар жырлайды негізгі ащы үн,
Өлген таулар тырнайды сөнген теңіздің астын.
Толқындар тасқын, мөп-мөлдір бөрте шілде іші.
Жағалау кешіп, көшіп жүреді
Көсік күнге мінгесіп.
Жетім шағала безілі бесік жыры еді,
Шарлаған тұтқын шыңдардың жүлгесін.
Теңіз етпеттеп сүзеді еге дала іргесін,
Бақаның аузында өрнек-балшық ашылды.
Жұлдыздар адасып қонады түнде,
Тасқа түнеген қаршыға сынды.
Қонады ұшқындар мүлде
Кетік өлеңдей.
Тәңір қол созым нұрдан шаршыға сіңді,
Шетінен сетінегендей.
Бұлттар айдың бетімен би билеп, шығыс батысты
Шашады тізесімен илеп.
Дала жүдеулеу, жылы аялы жүзі.
Теңіздің көк бет толқыны –
Жуады жалаң аяғым ізін.





Пікір жазу