15.06.2022
  201


Автор: Сұраған Рахметұлы

Ағам қайтқан сұлық таң...

Ағам қайтқан сұлық таң,
Маған мұңын жайды ымдап.
Ат су ішті тұнықтан,
Шеңбер сызып айдынға ақ.
Ести ме екен зиыны,
Көрер ме екен бұл өңді ол?
Өткелге кеп иіліп,
Басын тықты жылан жол.
Шидің басы сабалақ,
Саздың беті ұйқылы.
Көкке ілінген шағала
Ақша қардың қиқымы.
Таныс еді барлық таң,
Бүгінгіні күтпеп ем.
Күйсеп тұрған сарлықтан
Күрпілдейді сүтті өлең.





Пікір жазу