meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.06.2022
  157


Автор: Сұраған Рахметұлы

Ай мінгізіп күйсейді мүйізіне...

Ай мінгізіп күйсейді мүйізіне,
Ақ сақалы салбырап арқар
түлік.
Малдас құрып алты қат киізіне,
Атам отыр тамшыдан арқан
тіліп.
Бұлт еңбектеп жетеді белге
білем,
Арқан ұшын тарқатып қылдан ескен.
Иіс желеді изеннің
еңбегімен,
Мыс кемігі күледі жылдан
өшкен.
Кеш жантайған жартас дүр,
мыртық, кетік,
Ат шылбырын сүйрепті
шық үстімен,
Гүл айқайлап қашады жыртып
бетін.





Пікір жазу