15.06.2022
  106


Автор: Сұраған Рахметұлы

Жуып жайған ескі көйлек

Жуып жайған ескі көйлек
Оңыпты.
Сәнді бедер күз келерін
Соң ұқты.
Биылғы жаз...
Кер биеден қоң ықты.
Паң даланың
Маң келбеті солыпты.
...Кенже құлын тоңып тұр!





Пікір жазу