15.06.2022
  114


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қайда толқып барады мына ғалам?!

Қайда толқып барады мына ғалам?!
Жынды әуен, жылымшы үн,
Жылаған ән.
Кермек судың кекілі
Қызыл бұйра.
Көңіл жүдеу, көз соқыр,
Құлақ аман.
Мөлдір шулар, қылыштай
Азуда тұр,
Миға сіңді мың түрлі
Аз...
Улы «әтір»
«Әжім-әжім әжеңнің
Әлемі– әуен!»
Қар бетінде осындай жазу
Жатыр.
Сол жазуды кім оқып, кім
Түсінген?
Түсін салып қарайды бұлт
Ісінген.
Бір із алып жанымның
Жотасынан,
Жалғыз өлең жазайын
Ұлт үшін Мен.





Пікір жазу