15.06.2022
  105


Автор: Сұраған Рахметұлы

Әлем шұбап барады жан -жағымнан

Әлем шұбап барады жан
-жағымнан
Бал жағылған, бір жағы
Қан жағылған...
«Жәннат жоқ»,– деп жылады
Жалқы Тәңір
Жалғыз түйір масақты қалжа қылған.
Мұз қарасұр маңайым
Темір алаң,
Жазу үшін оған жыр,
Желім алам.
Тірі жандар сілтідей ой салады,
Өзіне емес,
Өзге емес,
Өлі маған.
Өлең өтіп барады Либай мен
Күндер үріп...
Сәт сайын ұлиды-ай...
«Ме-е-н...»
Қап-қара түн...
Ауылым... мың үй...
Сай...
Иен...
Қаратастың сауыры жылиды Аймен.
Ай шуағын сіміру– істейтінім,
Күй, Күй маған сыйлайды
Іштей тыным.
Ең тәуірі– оны мен көрмейтінім...
Ең ауыры– азырақ
Ішпейтінім...





Пікір жазу