14.06.2022
  74


Автор: Сұраған Рахметұлы

Шырақтары ұдай.

Шырақтары ұдай.
Үстінде түгі жоқ, бірақ та:
Тұрақтары бай.
Тереңде сылдырап ақса да
Кереңге естілмей,
Теңізге қашқан тентек
Бұлақтарым-ай.
Қобыздың үнін қайталар
Қызыл құрақтарым-ай!
Басқаны жарық қып, өзі
Өшкен тірі –
Шырақтағы май.
Талай платформаларға, қандары
Жабысып...
Қаңқасы шіріген
Аңқыл «дурактарым-ай...»
Маңдай терімен тас қашап,
Арпа суарған,
Бір кесел кезіге беретін еді солай,
Жарқа сыңарға әм.
Қолқасын қиса да
Қолынан ала алмай,
Қорқатын жауы.
Қолдырап қалған даласын
Қорыған «арты ашық» Аңнан.
Асқазанында артықша қалтасы бардан:
Арқасы қалған бәдіз-ді,
Мойыны кесілсе де:
Әйтеуір, арқасы қалған.
Жартасы қалған
Ұятын сақтап, ұрықын
Қорғаған
Осы «арты ашық»
Аңнан.
Бұл дала, дала емес
– бабаның
Ашыған Миы
Пернеге тоқтаған сан ғасыр
Тасыған Күйі.
Тұманды көктен мөп-мөлдір
Жас болып тамады.
Бүгін.
Жасаған Тәңірдің жасыл
Әлдиі.
Шалғайда жатса
-дағы шаранасы мен
Шашырандысы.
Бал қаймағына батады санасыз
Асырандысы.
Ішінен іруге жақынбыз
Ілкіде оянған.
Ғасыр шыңдаған алауы
Запыран құсып.





Пікір жазу