14.06.2022
94
Ол зіл атты, көп қаздар
Ол зіл атты, көп қаздар
Оққа ілінді.
Оққа ілінді, от ойнап,
Шоқ бүлінді.
«Мергендігі», – дейді оны,
Жерленді ұғым:
Көкке ұшқан көрсетіп
Көк күліңді.
Көкжиекті қан бояп
Таң райды.
Жетім қалған қоңырқаз
«Маңырайды».
Жел үрлеген әжімін
Сеңге тығып,
Сұрқай көкке ымдайды
Тәңір айдын.
Қаз бауыры, қара әуен
Дара түрен.
Қара сұры өң
Ақылдың жанашыры... Ең...
Қаз бен әнді жалмаған
Тілге шауып,
Мылжалайды темірдің
Арасымен!
Ол тіл тартты, күйреді
Мың ізгілік
Қара өлеңді қарғайды
Сұм үздігіп
Ас...
Си...
Ми...
Лиация... төрінде сөнеді
Үміт
Әр ерменнің бүрінде сыбызғы
Ұлып
!