14.06.2022
216
![](/uploads/shorttexts/author_image/serikbol-hasan.jpg)
Кем емес, түгелмін...
Кем емес, түгелмін,
Денім сау, бас аман.
Ұлымын бір елдің,
Мың тәубе, Жасаған!
Жарлы емес, ортамын,
Айтпадым күпірлік.
Аллаһтан қорқамын,
Қанағат, шүкірлік!
Ас-ауқат, арым бар,
Барша адам – бауырым.
Ақиқат жағында,
Ақындық ауылым.
Пейілім – бүтіндік,
Мейірім – таң атқан.
Жүремін шүкір ғып,
Мың тәубе, Жаратқан!