14.06.2022
132

Түкке тұрмас түбінде жақұтың да...
Түкке тұрмас түбінде жақұтың да,
Дін екен ғой діңгегі дүниенің.
Қос ғаламның жеткізер бақытына,
Құран Кәрім – кітабы Бір Иенің.
Жұлдыздар да мәңгі емес аспандағы,
Бұл өмірде бар қане, өлмес кімің?
Қанша жерден ажалдан қашсаң-дағы,
Қабір – сенің кіретін соңғы есігің.