14.06.2022
97
![](/uploads/shorttexts/author_image/serikbol-hasan.jpg)
Көзім салсам далама, керемет ғалам...
Көзім салсам далама, керемет ғалам,
Фаниден мен қалайша берекет табам.
Басқаны емес, жәннатты аңсадым Аллаһ,
Одан басқа жалғанда не керек маған?
Болсын тыныш, өзіңнен сұрарым, елім,
Қағбаңа мен жүзімді бұрамын Сенің,
Тіліме келіп тірелер ақырғы үнім,
«Лә иллаһа иллалаһ» – ұраным менің.