14.06.2022
  140


Автор: Серікбол Хасан

ОСЫ ШАҚ

Осы шағым, қош келдің –
Бойда қуат, жанарда әр.
Арманым да көп менің –
Алынбаған қамалдар.
Осы шағым – гүл өңім,
Қайта келмес дәуренім.
Келер шақтың үрейін,
Азайтумен әуремін.
Аз жазамын әрдайым –
Мүмкін ол да жеңісім.
Сәжде сүйіп маңдайым,
Амалдайды мен үшін.
Жанұямның мол сәні,
Жанымды ұғар жарым бар.
Думандатып ортаны,
Достарым жүр жанымда.
Осы шағым – мәз әнім,
Жүрмін құлап, өрлеп те.
Келер шақтың азабын,
Уа, Тәңірім, көрсетпе.





Пікір жазу