14.06.2022
  82


Автор: Серікбол Хасан

АЙУАН

Сынамақ боп шошқаны,
Оқымысты ғалым.
Азығына арақ қосқаны –
Адам үшін залым.
Азықты әкеп орнына,
Қойғаны сол,
Епті.
Нәжіс толған қойнына,
Бір нән шошқа жетті.
Иіскелеп кеп әлгіні,
Тістеледі... жеді.
Болар қандай тағдыры,
Шошқа сезсін нені?!
Өзгелері жетті де,
Жатты азықты асап,
У-шу болып кетті де...
Басталды үлкен шатақ.
Лықа тойып араққа,
Алғаннан соң сылқып,
Бірін-бірі далақтап,
Жей бастады түртіп...
... Жетті ғалым жеңіске,
Доңыз сырын ұқты.
Кірісті енді белді іске,
Шошқа аңдығыш мықты.
Келесі күн азыққа,
Құйды тағы арақ.
Жеп қояр деп қызықтап,
Тұрды ғалым қарап.
Иіскелеп кеп аз...
Ұқты...
Әлгі шошқаң епті,
Арақ толы азықты,
Бір-ақ теуіп кетті.
P.S. Доңыз құрлы санасы да,
Жоқ адамдар – пақыр,
Сорлы араққа таласып-ап,
Әлі де ішіп жатыр...





Пікір жазу