14.06.2022
  124


Автор: Серікбол Хасан

МАЙМЫЛ ЕМЕН...

Мен маймылдан жаралғам жоқ,
Құрысын!
Әлдекімдер сөксе сөксін бұл үшін.
Түп тамырым – ақ топырақ,
Ием – Хақ,
Маймылға ешбір ұқсамайды жүрісім.
Жаманға еріп, адасатын адам көп,
Жебе атуға жасқанбайды ол саған кеп.
«Тегім – маймыл» деп жүргендер – тексіздер,
Менің маймыл аталатын бабам жоқ.
Мен маймылдан жаралғам жоқ,
Шыным бұл!
Хақ қаласа шашады анық күнім нұр.
Сен адаспа:
«Жаралдым, - деп, - хайуаннан»,
Адасқанға адамдықты ұғындыр.





Пікір жазу