meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.06.2022
  134


Автор: Серікбол Хасан

ЖАРАТҚАНМЕН ЖҮЗДЕСУ

Уақыт өтер, қалар таңба,
Біз – қонақпыз, күйі мәлім.
Тәубе қылып Жаратқанға,
Басымды иіп сиынамын.
О дүниелік оралманбыз,
Ортақ біздің дәм-тұзымыз.
Жыл ішінде жоғалған,
Біз –
Жаратқанның ләңгісіміз.
Дүние – толқын, жалған бәрі,
Жаннан тәтті мұрамыз да.
Мәз ғұмырымыз солғанда әлі,
Бәрін де ұмыт қыламыз ба?
Періште де, пері де емен,
Пендемін мен – Хақтың құлы.
Уа, Жаратқан, Сеніменен.
Жүздессем бір сәтті күні.
Уақыт өтер, қалар таңба,
Біз қонақпыз, күйі мәлім.
Өмір берген Жаратқанға,
Басымды иіп сиынамын.





Пікір жазу