14.06.2022
  128


Автор: Серікбол Хасан

ПАРЫЗ

Алла де,
Хақ де,
Тәңір де,
Ұқсас-ақ ұғым бәрі де.
Алланың адал жолын тұт,
Асықсаң өмір мәніне.
Ишара жаса, иман ал –
Қамқоршы ол сәтте қиналар.
Адамның нағыз асылы –
Амалы көбі, жиған ар.
Амалың сенің – иманың,
Намазың – Хаққа иланым.
Оразаң менен зекетің,
Қағбаға барып жиғаның.
Тұрғанда толмай пәс көңіл,
Хаққа иіп басты сәжде қыл.
Әлеміне еніп кетпесең,
Әп-сәтте өтер әсте өмір.





Пікір жазу