14.06.2022
118

ҚҰБЫЛА
Мына ғұмыр – тірліктегі нұрлы аспан,
Сенің жаның – күнәдән пәк гүл-шыбық.
Екі ісің жөн –
Өмірге сай із тастау,
Аллаға арнап жасалатын құлшылық.
Аялы өмір аямайды, жарығым,
Аллаға арнап жинасаң да мол бұйым.
Адамдығың,
Амал-сының,
Ар-үнің –
Ақыретке апаратын сол сыйың.
Әй, адамзат,
Білесің бе қайда бақ?!
Жүрегіңді ұқ,
Жарамды іспен бүтінде.
Жұматайдың қателігін қайталап,
Жатқа өкпелеп құбылаға түкірме