14.06.2022
  143


Автор: Серікбол Хасан

ӨТТІ КҮНДЕР

Өтті күндер,
Қайғыртты текке өткені,
Қайта оралмас күндердің өтеуі не?
Көзім жетті, кездердің мектептегі,
Барлығы да өткінші екеніне.
Өтті күндер,
Зымырап жыл, айларым,
Таңертең мен шығамын үйден күліп.
Ұмытып та кетіппіз Құдай барын,
Дүниеден биіктеп, билеп жүріп.
Өтті күндер,
Айтайын несіне сын,
Келешегім тағы не бүлдіреді.
Күліп кеткен күндердің несібесін,
Жылап тұрып өтермін, кім біледі?!





Пікір жазу