14.06.2022
  110


Автор: Серікбол Хасан

ЖЕЛТОҚСАН

Бақытсыз болса да,
Жылтырап дала жайнады.
Жол беріп шыршаға,
Иілді қарағай да әне.
Жасанды күлкілер...
Жұрт жатыр тілектер тілеп.
Сезімдер бүлкілдеп,
Табысып жүрек пен жүрек.
Балалар қуанып...
Балға да, барға да қанық.
Қайыршы жүр әне,
Көшеде зарлы әнін салып.
Желтоқсан – желді күн,
Суықта солған гүл еді.
Қолға алып теңдігін,
Азаттық алған күн еді.
Көргенім күнде осы –
Ақталар қашан арманың?
Жаңа жыл төрге озып,
Азаттық... тасада қалдың.





Пікір жазу