14.06.2022
142
ТҮРМЕДЕГІНІҢ ТІЛЕГІ
Тойларда биледік, ән салдық,
Ұйқысыз таңдарды қарсы алдық.
Соғылды бокалдар – сайтандар,
Сананы суалтқан дел-сал ғып.
Қайғырдық, қуандық, түнердік,
Темекі тұтатып шірендік.
Қолтықтап қыздарды – күнәні,
Қимасын қашырып жібердік.
Тасыдық... Тапанша серік қып,
Көшеде, кафеде желіктік.
Достасып ірі іспен – қылмыспен,
Көп жанның көз майын еріттік.
Күн өтті... Кірген бе енді есім,
Түрменің тірлігін көргесін?!
Тәңірден тілерім тек қана,
Мұндай сор ешкімге бермесін!