14.06.2022
270

БАУЫРЫМ, БІЛІМ АЛ...
Ол – кәусар ілімнің төрі еді,
Бәріміз сол жерден нәр алдық.
Жүректен өрілген өлеңі,
Мінеки, ақын боп таландық.
Ол – биік асқартау шыңы еді,
Аспанға қол созып алқындық.
Өмірде, сондықтан үнемі,
Барынша тек алға талпындық.
Ол – терең судағы маржан-ды,
Ұмтылып теңізге сүңгідік.
Биіктен тайғанап қалған күн,
Төменнен тірек боп тұрды үміт.
Ол – шексіз көкжиек екен тек,
Біз алар қамалдар – (жалған бақ).
Әлі іздеп келеміз, секеңдеп,
Әдемі өмірді армандап...
Бауырым, білім ал, тағы да...
Өмірде сол ғана керегі.
Білімің бар болса жаныңа,
Бақытың өзі іздеп келеді.