14.06.2022
  86


Автор: Серікбол Хасан

КЕШЕ

Мен кеше... шоқ басып жүргем-ді,
Мұңымды түсінбеді ешкім.
Бақытты отбасы дегенді,
Тек қана түсімде кештім.
Мен кеше... жападан жалғызбын,
Жаныма жоламады ешкім.
Қан жұққан артымда қалды ізім,
Білемін... молада емеспін.
Мен кеше... басымды тасқа ұрдым,
Тағдырға налығам жоқ-ты.
Бар жұртты өзіме қас қылдым,
Шыным сол, сағынам көпті.
Мен кеше... бәлкім кетер ем көніп,
Естелік қанасың бүгін.
Ажал-досымның жетегіне еріп,
Зымырап барасың күнім.





Пікір жазу