14.06.2022
137
ТҮС
Жұмекен Сабырұлына
Түн екен...
Мен ғашық бір ақын тірі екен,
Саябақ ішінде... жабыңқы жыр оқып.
Жүректен жұп-жұмыр шумақтар түлетіп,
Жадырап отырды Жұмекен.
Қызық, ә,
Мен оған қараймын қызыға,
Біреулер жырларын жамаса... үндемей.
Жайуат қалыпта, жалпыға дым демей,
Жақындап келді ол тұсыма...
Түн екен...
Жанына мені ертіп жүр екен,
Жұмекен атымен аталған даңғылдың,
Бойынан шайырдың жырлары жаңғырды,
Соны естіп... қуанып тұр екен.
Қыс екен,
Ақынның мүсіні мыс екен,
Қар басқан бейнені қолымен тазалап...
(артымнан бір адам түрткені мазалап...)
Оянсам барлығы түс екен.
Иә, түс екен!