14.06.2022
  259


Автор: Серікбол Хасан

ҮКІЛІ ҚЫЗ

Үкілі қыз – көктемім,
Қол жетпейтін көктегі.
Сағынышқа айналып,
Көз алдымнан кетпедің.
Қайырмасы:
Айдай едің жасыңда,
Үкілі бөркің басыңда.
Ақ әжеңнің алдында,
Бақытты едің расында...
Үкілі қыз – жыр-әнім,
Табылды ма сыңарың?
Қай жігіттің бағына,
Тудың екен, шынарым?
Қайырмасы:
Үкілі қыз – арманым,
Аялаған ардағым.
Сағындырған, қалқаға,
Осы әнімді арнадым...





Пікір жазу