14.06.2022
  243


Автор: Кәкімбек Салықов

Ол құмар – бізге татымсыз...

Ол құмар – бізге татымсыз,
Жұрт сүймеске сыйынған.
Ақынның жаны ақылсыз,
Махаббатқа бұйырған.
Арылмас жалғыз қайғысы,
Сөнбейтін асыл арманы –
Сол ғана қиял жан құсы,
Тірліктің мақсат бар мәні.
Сөз болмас көп жыл көрмеуі,
Шабытшыл асау шағы да.
Шет елдің арулары да,
Ғылым мен өмір өрлеуі,
Бәрінен бойын суытқан,
Қыз-алау ғана жылытқан.





Пікір жазу