meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.06.2022
  163


Автор: Кәкімбек Салықов

АҚЫН ҚАРЫНДАСҚА

Әкім деп безбей сен менен,
Ақын деп ізде қашанда.
Жанымды жырың емдеген,
Сырымды көпке ашам ба?
Отырмын жылы сөз танып,
Жарқ етсең өнер көшінде.
Жоқ менің жіті көз салып
Не барын байқау төсіңде.
Жатырқама, кел бері,
Жаныма жақын өлеңім.
Шынымды айтсам, мен сені
Періште қыздай көремін.





Пікір жазу