14.06.2022
  80


Автор: Кәкімбек Салықов

ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАН

Әр сөзден көксегенім табылғандай,
Алады бойға рахат жаным қандай!
Сүйсініп мен Абайды оқи берем,
Күнде бір ой шырағы жағылғандай.
Қазаққа жоламастай заманақыр,
Айтқаны – ақыл-кеңес, санаға сыр.
Мейірбан, адамсүйгіш ақ тілегі
Еліме ақ сәуледей тарап жатыр.
Жүргем жоқ ғашық назын біле білмей,
Үн қостым артта үзілмес легіндей.
Абайдың әнін айтсам, жан толқиды,
Туған ел бірге соққан жүрегіндей.
Кірмедім мен ақындық сапқа бекер,
Абайшыл пәк тілегім сақтап өтер.
Әлемдік даналармен қатарласқан
Ол – нағыз ұлттық қорған мақтан етер.





Пікір жазу