14.06.2022
  134


Автор: Кәкімбек Салықов

ТАЙҚАЗАН

Бастауынан алақай даңғазаның
Жарылқанып, ұлғайттым жан базарын.
Түркістанға қарашы, беу, қазағым!
Қайта оралды әйгілі тайқазаның.
Тозбаса да жат жерде көнеленіп,
Қинаушы еді көңілге елең еніп.
Үнсіз қалды қалың ел баяғыда
«Алып кетті...» дегенге көне беріп.
Талапайлап есінен танған елді,
Нелер сұмдық әуреге салған еді.
«Алып кетті» ол күнде келместікке,
Қазан түгіл, талай сан тарлан ерді.
Қадір тұтсақ қасиетті қазынаны,
Ата мирас қайырдық азын әлі.
Қалғандарын осылай қайтарайық,
Айта бермей таусылмас базынаны.
Бауға толған жемістей қаулап пісіп,
Ой толқыды санама салмақ түсіп.
Қожа Ахмет Иасауи жатқан шығар
«О, тоба...» деп қайта бір аунап түсіп.





Пікір жазу