14.06.2022
  129


Автор: Кәкімбек Салықов

Тағы да есеңгіреп қалдым да бір...

Тағы да есеңгіреп қалдым да бір,
Жоқ жерде жылы шуақ жаудың ба нұр?
Күн түскен айдын көлдей мейірленіп,
Ай қабақ дидарың алдымда тұр.
Қара көз жаудыраған әлегі көп,
Өзгеден неге тұрсың әрегірек?
Шау тартып қалдым ба деп қаймықпашы,
Көріндің бұрынғыдан әдемірек.





Пікір жазу