meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.06.2022
  146


Автор: Кәкімбек Салықов

ҰСТАНЫМ

Жадымда қиял құсы ғажап ұшқан,
Жолаушы болып келем жаралыстан.
Төрімнен ауыл шеті басталады,
Аулымнан басталады Қазақстан.
Жас анам, бар жақсылық бастамасы,
Ол – менің көкірегімнің астанасы.
Туған ел, туған өңір –
Бәрі әміршім,
Жоқ менің тірлігімнің басқа бәсі.





Пікір жазу