14.06.2022
  124


Автор: Кәкімбек Салықов

Сен өзгеден кербездеусің, сылқымсың...

Сен өзгеден кербездеусің, сылқымсың,
Серпілсеңші, жүрегің бір бұлқынсын.
Сылап-сипап таба алмасам бабыңды,
Сезімі көп өз көңілім құлшынсын.
Көрінесің аққу бейне тартымды,
Жасырмашы көкірегіңде жарқылды.
Сен молайтып бергендейсің менде бар
Кеш тұтанып, тез лаулаған қарқынды.
Бақыт ыстық кімге аз күн орнаса,
Ардақтаймын кім бірлесіп қорғаса.
Қарқын өшпей толқып-толқып алайын,
Сен құлақ сал, қалқам-ау, тым болмаса.





Пікір жазу