14.06.2022
175
Ақын досым, қайғырма...
Ақын досым, қайғырма,
Айтпасақ мақтау жырыңа.
Күннен алған айдың да
Шәк келтірем нұрына.
Көтерем десең өреңді,
Жан қозғар жерін көп ойла.
Ел ұқпаған өлеңді
Шықпаған егін деп ойла.