14.06.2022
  190


Автор: Кәкімбек Салықов

ПРОМЕТЕЙГЕ

О, адамзат! Прометей де тәңірің,
Тіршілікке от тарату – бай ырым.
Темір бұғау қыспағында жасады
Адамдарға қолдан келген қайырым.
Қайырымдылық көбейтуге легін,
Жыр маздатып жалынды өмір сүремін.
Әперуге Прометейдің ұшқынын,
Тарыққанды іздеп қана жүремін.
Оттыларды ардақтаса шартарап,
Қанша жүкті кетті олар арқалап?!
Күл-талқандап құлдық құрсау түнегін,
Кен қазғаным – ол да от іздеп жүргенім.
Ел мұқтажы – көздегенім, білгенім,
Прометейдің көбейтуге легін.





Пікір жазу