14.06.2022
  129


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНСЫН, АСТАНА!

Әлемнің құтты көшінде,
Қонғандай аққу Есілге.
Қанатын жайды Астана
Сарыарқа алтын төсінде.
Асылын әннің арнаймын,
Басылды ескі бар қайғым.
Баянды бақыт орнасын,
Аруағы қолдап Абылайдың.
Жайнатсақ бүгін жолды азат,
Әлі де талай бар ғажап.
Жұлдызың жансын, Астана,
Қарап тұр саған бар қазақ,
Алыста жүрген бауырлар,
Жақында сансыз ауылдар,
Тілегі келіп бәрінің,
Тез өтсін қарсы дауылдар.
Ақорда дәулет құрайды,
Сәулетің болсын шырайлы.
Өркенің өссін, Астана,
Бар әлем сені сынайды.
Көңілім аулақ күдіктен,
Қараймын сөнбес үмітпен.
Бекітіп елдің іргесін,
Жалғайық қанат бірлікпен.





Пікір жазу